Жаңалықтар

Қайрат Боранбаев Қарағандыда 42,5 млрд теңгеге фармзауыт салады

Қайрат Боранбаев Қарағандыда 42,5 млрд теңгеге фармзауыт салады

Қазақстан Үкіметі Қарағанды облысы аумағында жаңа фармацевтикалық өндіріс орнын салу жобасын мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарағанды фармацевтикалық кешені ЖШС арасында инвестициялық келісімге қол қойған, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаға 42,5 млрд теңге көлемінде жеке инвестиция тартылмақ. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған инновациялық препараттарды қоса алғанда, 74 атаудағы дәрі-дәрмек өндіру көзделіп отыр.

Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, Қарағанды фармацевтикалық кешені компаниясының құрылтайшысы – НЕОТЕКФАРМ ЖШС. Ал оның иелері қатарында Қайрат Боранбаев, Дарья Дементьева, Павел Милейко және Георгий Столяров-Реус бар.

Барлық жаңалық