Қоғам

«Қайғылы оқиға болған күні ол қалада болған жоқ»: Қамалған Қанат Ниязбековтің отбасы не дейді

«Қайғылы оқиға болған күні ол қалада болған жоқ»: Қамалған Қанат Ниязбековтің отбасы не дейді

Қанат Ниязбековтің отбасы Каспийдегі әскери оқу-жаттығуға қатысты мәлімдеме жасады. Отбасының сөзінше, қайғылы оқиға болған күні Ниязбеков қалада болған, оқу-жаттығу өтетін жерде болмаған деген ақпарат айтылды,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Отбасы өкілдері оның бұрын Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болғанын, алайда оқу-жаттығулардың тікелей өзіне қатысты барлық міндеттер кейін басқа жауапты тұлғаларға тапсырылғанын атап өткен.

«Сол жаттығулар кезінде Ниязбеков қолда бар ақпаратқа сәйкес, ресми іс-шарада болған және жаттығулардан өз бастамасымен қалмаған», – деген мазмұнда пікір білдірген отбасы өкілі.

Олар Ниязбековке қатысты түпкілікті қорытынды жасамай, істің барлық мән-жайын тергеу барысында объективті түрде анықтауға шақырды.

Айта кетейік, Қанат Ниязбеков Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Барлық жаңалық