Украина президенті Владимир Зеленский Киев қаласындағы Дарницкий ауданына арнайы барды. Бұл аймақта Ресейдің зымыран шабуылынан көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі түбегейлі қирап қалған. Оқиға орнында ол тілшілер қауымымен жүздесіп көкейкесті сауалдарға жауап қайтарды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты ulysmedia.kz ке сілтел.
Бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарды нысанаға алу кездейсоқ емес. Мұндай қадам тікелей Путиннің соғыстағы "жетістігін" көрсетуге талпынған жанталасы болып саналады. Шынтуайтында көршілес елдің ішкі ахуалы мүлдем басқаша өрбуде. Қазіргі таңда Ресейдегі жағдай күн санап күрделеніп барады.