Меркіде Мадина есімді ару көз жұмған ауылдың тұрғындары сұхбат берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Олар шынайы қайғыратындарын айтты.
Айтуларынша Мадинаның психикасында ауытқуы болуы мүмкін.
"Мынандай оқиға кейінгі жастарға үлгі болмаса екен дейміз. Себебі келін мен ененің арасындағы қарым-қатынасты өте жаман етіп көрсетіп жатыр. Кейінгі жастарға үлгі болмаса екен деймін. Мына үйдің адамдарын адам өлтіргіш қылып көрсетіп жатыр. Өзінің өмірін қиып жатқаны жақсы емес. Бір кішкентай ұрыс үшін адам өз өмірін қиып жіберу деген өте қиын жағдай. Ол қыздың психикасында бір ауытқу болған шыған. 2 жыл бойы күйзеліске түскен шығар. Өзінің анасы неге білмеді екен. Жан досы біле тұра неге арашалап қалмады екен?", - деді көршілері.