Шоу-бизнес

Продюсер Баян Алагөзова әнші Жұбаныш Жексенге қолдау білдірді

Продюсер Баян Алагөзова Астана әуежайында орын алған оқиғадан кейін сынға ұшыраған әнші Жұбаныш Жексенге қолдау көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты janabastau.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Алагөзова өзінің Instagram парақшасында оқиғаға байланысты пікір білдіріп, әншіні рұқсатсыз видеоға түсірген адамдарды сынға алды. Ол бұл жағдай қоғамда асығыс пікір айту көп, ал адами түсіністік аз екенін көрсетті деп атап өтті.

 

«Бәріміз де шаршаймыз, ашуланамыз. Танымал адамдар да — адам. Оларды робот секілді қабылдауға болмайды. Қателесті ме? Иә. Бірақ ол шын жүректен өкініп отыр», – деді продюсер.

 

Сондай-ақ, Алагөзова қоғам назарындағы тұлғалардың жеке кеңістігін бұзатын азаматтарды жауапкершілікке тарту қажеттігін айтты.

Барлық жаңалық