Жаңалықтар

Президент Таяу Шығыстағы ахуалды жіті бақылауында ұстап отыр

Президент Таяу Шығыстағы ахуалды жіті бақылауында ұстап отыр

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады Ozgeris.info сайты.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді. 

Президент ахуалдың ушығуына әкелуі мүмкін іс-қимылдардан бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.

Барлық жаңалық