Жаңалықтар

Президент Құрылтай сайлауы өтетін күнді белгіледі

Президент Құрылтай сайлауы өтетін күнді белгіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарын сайлауды 2026 жылғы 23 тамызға тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 

"Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.

Қазақстан Республикасының үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын", - делінген қаулыда.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Барлық жаңалық