Бүгін, 31 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Құрылтай депутаттарының жиынында Премьер-министр лауазымына Олжас Бектенов кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Енді аталған кандидатураны Құрылтай депутаттары қарайды. Олар Үкімет басшысын тағайындауға келісім беру мәселесі бойынша дауыс береді.
Қазіргі таңда Премьер-министр мен Үкімет мүшелері жаңа құрам жасақталғанға дейін өз міндеттерін уақытша атқарушы мәртебесінде жалғастырып отыр.