Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Гонконгтағы қазаға қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.
Мемлекет басшысы Гонконг қаласында болған ірі өрт салдарынан көптеген адамның мерт болғанына байланысты Қытай басшысына және қытай халқына терең қайғырғанын жеткізді. Тоқаев зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тіледі.
Айта кетейік, 26 қарашада Гонконгтың Тай По ауданындағы Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде үлкен өрт тұтанып, ол ғимараттардың қасбетін жабатын құрылыс қаңқалары мен қорғаныс торлары арқылы жылдам тараған. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда қараңғы түскенде бірнеше ғимарат терезелерінен лапылдаған жалын көрініп, қою түтіннің көтерілгені анық байқалады.