Жаңалықтар

PGL Astana 2026: Қазақстан әлемдік рекорд орнатты

PGL Astana 2026: Қазақстан әлемдік рекорд орнатты

Қазақстан елордасында өткен PGL Astana 2026 киберспорт турнирі бұрын-соңды болмаған жаңа рекорд орнатты. Бұл – PGL ұйымдастырған ең көп қаралған "Мейджор" емес (non-Major) Counter-Strike 2 іс-шарасы. Сонымен қатар ол Қазақстан тарихындағы ең көп көрермен жинаған киберспорт турнирі ретінде тарихқа енді деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Жарысқа бүкіл әлем назары ауды. Ресми мәліметке сәйкес, көрілім бойынша келесідей таңғажайып сандық көрсеткіштер тіркелді:

  •  Бір мезеттегі көрермендердің ең жоғары саны – 1 169 121 адам.
  •  Трансляцияны тамашалауға жұмсалған уақыт – 23,4 миллион сағат.
  •  Бейнематериалдардың жалпы қаралу саны – 81,8 миллион.
  •  Жарыс әлем бойынша 227 арнада 24 тілде таратылды.

Турнир жеңімпазы болып Team Spirit командасы танылды. Олар гранд-финалда Team Falcons ұжымын 3-0 есебімен ойсырата жеңіп, чемпиондық атақтарын сәтті қорғап қалды.

Жарыстың ең үздік ойыншысы (MVP) атағын "donk" жеңіп алды. Ол турнирді 1.61 рейтингімен аяқтады. Бұл – CS2 ірі турнирлеріндегі (Big Event) MVP ойыншылар арасында тіркелген тарихтағы екінші ең жоғары көрсеткіш

Барлық жаңалық