Петропавлда 5 желтоқсан күні таңертең интернет-кабель тарту жұмыстары кезінде қайғылы оқиға болды деп хабарлайды Оzgeris.info сайты HALYQSTAN Telegram каналына сілтемемен. Инженерлік жұмыстар атқарылып жатқан сәтте көтергіш люлька шамамен 7 метр биіктіктен үзіліп, екі маман бірге құлап кеткен.
Оқиға салдарынан 35 жастағы жеке компанияның инженері оқиға орнында қаза тапты. Ал «Қазақтелеком» компаниясының 31 жастағы қызметкері ауыр жарақат алып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Полиция бұл факті бойынша өндірістегі қайғылы жағдай ретінде қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.