20 қазан күні Петропавл қаласында ерекше жағдай тіркелді 14 жастағы 9-сынып оқушысы сабақты орындаудың орнына полицияға қоңырау шалып, өз мектебін “миналадым” деген деп хабарлайды Ozgeris.info сайты HALYQSTAN каналына сілтемемен.
Оқиға орнына дереу жедел қызметтер, соның ішінде полиция, кинологтар және саперлер аттанған.
«Тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ», — деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қалжың иесін анықтау көп уақыт алған жоқ ол жергілікті мектептің 9-сынып оқушысы болып шықты.Қазір жасөспірімге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Заң бойынша мұндай әрекет үшін:5 мың АЕК-ке дейін айыппұл (шамамен 20 миллион теңге),не болмаса бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Полиция әзірге нақты қандай шара қолданылатынын айтқан жоқ.Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттердің салдары ауыр болатынын ескертіп, ата-аналарды балаларға жауапкершіліктің маңызын түсіндіруге шақырды.