Жаңалықтар

Павлодардағы үйлердің бірінен екі адамның мүрдесі табылды

Павлодардағы үйлердің бірінен екі адамның мүрдесі табылды

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың кентіндегі жер үйден екі адамның мүрдесі табылды. Жер үй елді мекендегі "Площадка" шағынауданы аумағында орналасқан, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Белгілі болғандай, марқұмдардың мүрдесі үйде ұзақ уақыт жатып қалған. Ал үйде осы уақытқа дейін қайтыс болған ер адамның зайыбы және марқұм әйелдің кішкентай баласы тұрып келген. Басқа ақпарат әзірше жарияланбады.

– Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Барлық жаңалық