Павлодар облысы

Павлодарда үш жасар қыз бала қайтыс болды: әкесі қамауға алынды

Павлодар облысында үш жасар қыз бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, кейін көз жұмды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy сайтына сілтемемен. Оқиғаға байланысты оның әкесі қамауға алынды.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сәйкес, 20 қыркүйек күні бүлдіршін Тереңкөл аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне ауыр халде жеткізілген.

«Науқастың бас сүйегінің желке тұсында жабық сыну, сол жақ қасының үстінде жарақат, денесінде көптеген көгерулер мен жұмсақ тіндердің зақымдары болған. Дәрігерлердің барлық реанимациялық шаралары нәтиже бермей, бала қайтыс болды», – делінген басқарма хабарламасында.

 

Павлодар облыстық полиция департаменті кішкентай қыздың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілгенін мәлімдеді.

«Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әкесі ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда», – делінген ведомство ақпаратында.

Барлық жаңалық