Жаңалықтар
Павлодарда тышқан қаптап кетті: ғалымдар дабыл қақты
07.11.2024
378
Ертіс-Баян өңіріндегі елді мекендерде үй тышқандарының қаптап кетуі биологиялық тұрғыдан алғанда қалыпты құбылыс. Биыл жердің ылғалды болуына байланысты қорек көбейіп, соның әсерінен тышқандардың көбею үдерісі жүруі ықтимал.
Павлодар облысында үй тышқандарының шамадан тыс көбейіп жатқанына қоректің мол болуы әсер етуі мүмкін. Жаз ылғалды өткеніне орай кеміргіш жануарлар тауып жейтін азық та аста-төк болды. Мұндай кезеңде тышқандардың көбею үдерісі жүреді.
Биология ғылымдарының докторы, профессор Қанат Ахметовтың айтуынша, тышқандардың көбею үдерісіне жануарлардың бойындағы күйзеліс немесе токсоплазмоз ауруы себеп болуы да мүмкін. Қолайлы жағдай туындаса, олар жылына бірнеше рет балалай береді. Дейтұрғанмен тышқандардың түрі өте көп. Қазіргі уақытта көбейіп жатқан түрін ғылыми тұрғыдан анықтап, зерттеу жүргізсе артық болмас еді.
— Негізі тышқандар өсімдіктердің дәнімен, қалдық азық-түлікпен қоректенетіні мәлім. Қорек шамадан тыс көбейген жылдары (10-12 жылда қайталануы ғажап емес) олардың популяциясы өсіп кетеді. Саны көбейген сайын олар жаңа мекендер мен тұрақтарды іздейді. Бір жерде шоғырланып отыра берсе, тауып жейтін азықтарына бәсекелестері көбейе түседі деген сөз. Осыдан бойларында күйзеліс туындайды. Екінші себеп, олардың арасында токсоплазмоз ауруы тарап кеткен болуы ықтимал. Токсоплазмоз — адам мен жануардың организмінде (токсоплазма арқылы) пайда болатын өте қауіпті паразиттік жұқпалы ауру. Бұл дертпен адамнан басқа үй жануарлары және жабайы сүтқоректілердің көптеген түрі ауырады. Атап айтқанда, мысықтар, қояндар, жыртқыш аңдар, тышқандар, құстар, егеуқұйрықтар және т. б. Ол адамға да жұғады. Жалпы мен паразитология саласын терең зерттеп жүрген адаммын. Протопаразиттер деген топ бар, олар — өте ұсақ, біржасушалы болып келеді. Ол жануарларда, соның ішінде кеміргіштерде жиі кездеседі, — дейді ол.
Ғалымның түсіндіруінше, токсоплазмоз ауруын тышқандардың өз ортасы таратады. Ал оны сау тышқанға мысық жұқтырады. Кейде мысықтардың кеміргіш жануарды ұстап алып, тісімен жарақаттап жібере салатын әдетін көбіміз байқаған болармыз. Сондай сәтте тышқанға жұғады. Кейін инфекция нәжіс немесе бірге пайдаланатын су көзі арқылы өзге кеміргіштерге жұғуы мүмкін.
— Тышқанның адамнан қорықпай, аулада немесе үй ішінде асыр салып жүруінің негізгі себебі — токсоплазмоз ауруы. Себебі мұндай ауруға шалдыққан жануарда өжеттік пайда болады, бұрынғыдай інінде көп жатқысы келмейді. Бірақ шамадан тыс мұндай өжеттік тышқандардың өз бетімен мысыққа барып жем болуына соқтырады. Бұл да табиғаттың жануарларды сұрыптау ерекшеліктерінің бірі, — дейді Қанат Ахметов.
-
"Сотқа жүгінемін": Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаевамен дауласуы жайлы айтты12:23, 22 сәуір 2026
-
-
Көшпенділер одағы қайта жаңғырмақ: Ухнаагийн Хүрэлсүх Астанаға не үшін келді?11:36, 22 сәуір 2026
-
Тағы да Талғар: 20 жастағы жігітті жабылып өлтіріп кеткен11:18, 22 сәуір 2026
-
Ақмола облысында зейнеткердің мәйіті табылды10:32, 22 сәуір 2026
-
Жұбайы кешірім берді: Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды10:26, 22 сәуір 2026
-
-
-
-
Астанада жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды06:00, 22 сәуір 2026
-
-
-
-
-
-
-
-
Қазақстан азаматы Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылды04:00, 22 сәуір 2026
-
Атырауда қаза тапқан отбасыға қатысты тың дерек шықты16:38, 21 сәуір 2026
-
Ақтөбелік депутат тойға барамын деп жаза арқалады15:30, 21 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
"Өмір өте қысқа екен": Бейбіт Қорған марқұм анасын жоқтады (ВИДЕО)14:47, 15 сәуір 2026
-
-
"Ақшадан қиналдық": Интим видеосы тараған жұп мәлімдеме жасады (ВИДЕО)09:53, 17 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-