Жаңалықтар

Павлодарда тойға барған 20 адам оқыс оқиғаға тап болды

Павлодарда тойға барған 20 адам оқыс оқиғаға тап болды

Павлодарда тойға барған қонақтар жаппай уланып, оларға сальмонеллез диагнозы қойылды. Бұл туралы ozgeris.info сайты КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Инфекция жұқтырған тойханда 30 адам әр түрлі күндері қонақ болған. 

Дәрігерлердің айтуынша, 7 маусым күні өткен үйлену тойынан кейін медициналық көмекке жүгінгендер көбейе бастады. Келесі күні дәл сол мейрамханада, бірақ басқа жиынға келген қонақтар да уланып қалғанын айтып келген. Жалпы алғанда 20 адам ауруханаға түсті, тағы 14 адам үй жағдайында емделді. Барлығының іші ауырып, іші өтіп, қызуы көтерілген.

Тойханадан бірден қажетті сынамалар мен сүртпелер алынды. Осылайша тойхананың санитарлық дәрігерлерден рұқсат құжаттарын алмай жұмыс істеп келгені белгілі болды. Ал онда істейтін жеті қызметкердің мүлде медициналық тексерістен өтпегені анықталды.

8 маусымда мамандар тойхананың жұмысын жалғастыруына тыйым салды. Алайда соған қарамастан, сол кеште тағы бір той өткізілген. Сараптама нәтижелері полицияға жолданбақ.

“Науқастарға сальмонеллезді энтерит диагнозы қойылды. Бұл — патогенді бактерия, ол қышқыл сүт өнімдерінде, дайын ет тағамдарында, сондай-ақ тауық өнімдерінде кездеседі. Мұндай патогенді флорамен күресудің бір жолы — тағамды толық термиялық өңдеу”, – дейді Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жалпы инфекция бөлімінің меңгерушісі Қымбат Қарамолдина.

Барлық жаңалық