Павлодар қаласының сотында заңсыз интимдік қызмет ұйымдастырған Астана тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Елордада отырып Павлодардағы жезөкшелердің жұмысын желі арқылы басқарған 28 жастағы әйел сот алдында жауап берді. Ол 2025 жылдың тамыз айында заңсыз кәсіп ашып, 6 әйелді жұмысқа тартқан.
Айыпталушы қызмет құны 20-30 теңгеге дейін жететін бизнестен түскен табыстың 30 пайызын өзіне алып отырған. Павлодарлық тәртіп сақшылары арнайы дайындалған тұтынушыны жіберу арқылы бақылау операциясын өткізіп, оқиғаны бейнекамера мен диктофонға жазып алғаннан кейін толық тергеу амалдары басталды.
Сот отырысы жабық режимде өтіп, күдікті өз кінәсін толық мойындады.
«Қылмыстық кодекстің 309 бабы 2 бөлігінің 3 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Өрнек Абжапаров.
Алайда сотталушының қарауында кәмелетке толмаған балалары болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді.