Қоғам

Павлодарда бір топ жасөспірім зират басындағы күзетшіні пышақтап кетті

Павлодарда бір топ жасөспірім зират басындағы күзетшіні пышақтап кетті

Павлодар қаласындағы зираттардың бірінде күзетшіге шабуыл жасалды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Алдын-ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмағандардан құралған бір топ Павлодардағы зираттардың біріне заңсыз кіріп, күзетшіге шабуыл жасаған. Олар ер адамға оннан астам пышақ жарақатын салған. Зардап шеккен азамат – 1963 жылы туған ер адам.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық жаңалық