Павлодарда кәсіпорыннан шамамен 25 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Полицияның мәліметінше, ұрлыққа ЖШС күзетшісінің қатысы бар екені анықталған. Полиция ұрланған 24 миллион теңгені бау-бақша серіктестіктерінің бірінен тапты.
Ұрланған ақша алма ағашының түбіндегі қазанның ішіне жасырылған болып шықты.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қылмыстық іске заттай дәлел ретінде тіркелді", – деді Павлодар қалалық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.