Павлодар облысы

Павлодарда 9-сынып оқушысы мұғалімге қол көтеріп қылқындыруға тырысқан

Павлодарда 9-сынып оқушысы мұғалімге қол көтеріп қылқындыруға тырысқан

Павлодар қаласында 9-сынып оқушысы сабақ кезінде мұғалімге қол көтеріп, елді дүрліктірді. Оқиға күзгі бал кезінде болған, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.

 

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім ұстаздың ескертуінен кейін ашуға беріліп, оның мойнынан қылқындырып, біраз уақыт бойы жібермей қойған. Қорыққан мұғалім полицияға арыз түсірген.Павлодар облыстық полиция департаменті бұл деректі растады.


«Аталған оқиға бойынша полицейлер тексеру жүргізіп, кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотқа жолданды», – делінген ресми хабарламада.

 

Оқушының мінез-құлқы мен тәртібі енді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралмақ.Аймақтың бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сауле Шакенева да жағдайдан хабардар екенін айтты.

 

«Маған мектеп әкімшілігі оқиға туралы хабарлады. Мен баланың әкесімен сөйлестім, ол баласын өзі тәрбиелеп отыр. Кездесу өткізуге келістік», – деді ол.

 

Қазіргі уақытта педагогқа моральдық және психологиялық көмек көрсетілуде. Білім басқармасы мектептерде қауіпсіздік шараларын күшейтуге уәде берді.

Барлық жаңалық