Павлодарда төрт жасар қыз көпқабатты үйдің үшінші қабатынан құлап кетіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Оқиға 4 маусым күні болған. 2021 жылы туған бүлдіршін биіктен құлағаннан кейін Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлердің мәліметінше, жедел жәрдем қызметі баланы травматологиялық пунктке апарып, қажетті тексерулерден өткізген.
«Қыз балаға толық диагностикалық зерттеу жүргізілді», – деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының өкілдері.
Алдын ала диагноз бойынша, бүлдіршіннің ішкі ағзалары соғылып, миы шайқалған.
Қазір ол хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.