Павлодар облысында болған қайғылы өрттен зардап шеккен үшінші бала көз жұмды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Дәрігерлердің мәліметінше, бала ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Оның денесі мен басының көп бөлігін күйік шалып, тыныс алу жолдары зақымданған, сондай-ақ көмірқышқыл газымен ауыр улану белгілері тіркелген. Күйік көлемі 38–40 пайызды құраған.
Мамандардың айтуынша, уақыт өте келе баланың жағдайы күрт нашарлап, ауыр асқынулар мен көп ағзаның жеткіліксіздігі дамыған. Соның салдарынан бала қайтыс болды.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 15 қаңтар күні Ертіс ауылында болған. Жеке тұрғын үйде шыққан өрт кезінде құтқарушылар төрт баланы сыртқа шығарған.
Олардың екеуі сол күні-ақ көз жұмса, тағы бірі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді. Өкінішке қарай, үшінші бала да аман қалмады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.