Павлодар облысы

Павлодар облысында балабақша балалары ауруханға түсті

Павлодар облысында балабақша балалары ауруханға түсті

Павлодар облысында бірнеше балабақша тәрбиеленушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.

 

Білім басқармасының мәліметінше, Шарбақты ауданына қарасты «Балдаурен» ясли-бақшасының үш тәрбиеленушісі облыстық инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Тағы төрт бала үй жағдайында дәрігерлердің бақылауына алынған.

 

Оқиғаға байланысты Шарбақты аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеріс бастады. Санитар мамандар қажетті зертханалық сынамалар алып, тиісті зерттеулер жүргізген.

 

Ресми ақпарат тексеріс нәтижелері шыққаннан кейін жарияланады.

Барлық жаңалық