Қоғам

«Өзіңе күшік күйеу бала табасың»: Бақыт Тұрман даулы мәлімдеме жасады

«Өзіңе күшік күйеу бала табасың»: Бақыт Тұрман даулы мәлімдеме жасады

Танымал әнші Бақыт Тұрман ұлы мен қызына үй алып бермейтінін ашық айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Өнер иесі соңғы уақытта ата-аналардың қыздарына жеке баспана алып беруі туралы жиі айтылып жүргенін өзі мұндай ұстаныммен келіспейтінін жеткізді.

«Соңғы оқиғалардан кейін қыздардың мәртебесін жоғарылату мақсатында ата-аналар “Қызыма үй алып беріп, жағдайын жасап қою керек” дегенді көп естимін. Мен бұнымен келіспеймін. Қызға үй не керек? Не үшін сонда? Жалғыз қалуы үшін бе? “Бірдеңе болып қалса, өзінің үйіне кіре салу үшін” дейді. Сонда ата-ананың әуелден ниеті сондай болып тұр. Ертең ол күйеуге шығады, сосын айырылысып кетіп, өзінің үйіне тығылып отырады деген сияқты. Мен, мысалы, Қайратқа “ұл-қызымa ешқандай үй алып бермеймін” деп айтамын. Ұлыма үй алып, жағдайын жасап беретін болсам, балада қандай арман, қандай мақсат болады? Қызыңа үй алып бердің деген сөз — өзіңе күшік күйеу бала тауып бердің деген сөз», – деді Бақыт Тұрман.

 

Барлық жаңалық