Шоу-бизнес

"Өзі ұратындай айтыпты": "Нұр–Мұқасан" тобының жаңа мүшесінің видеосы тарады (ВИДЕО)

"Өзі ұратындай айтыпты": "Нұр–Мұқасан" тобының жаңа мүшесінің видеосы тарады (ВИДЕО)

Танымал «Нұр–Мұқасан» тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлейменді бұрынғы солист Мұқасан Шахзадаевтың соққыға жыққаны туралы жаңалық жуырда көпшіліктің талқысына түскен еді, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Желіде енді аталған топтың тойда ән айтып тұрған сәтінен видео таралып, жұрт оны әзілге айналдырып жатыр.

Видеода топ «Қос қарлығаш» әнін орындап тұр. Ал пікірлерде тыңдармандар әннің әдемі орындалғанын атап өткенмен, соңғы оқиғаны қалжыңға бұрып жазуда.

 «Әдемі айтыпты, таяқ жейтіндей айтыпты»,

«Топтың атын өзгертіңдер, Нұр–Ғалым болсын»,

«Дауысы қандай әдемі! Соған қызғанған ғой, бәлкім «менен асып кетті» деп ұрған шығар»,

«Мұқасан ұратындай қылып айтпасаңдаршы енді»,

«Ыштарлық жақсылыққа апармайды»,

«Жиі сахнаға шыға беріңдер! Көре алмағандар ішін тырнасын».

 

Барлық жаңалық