Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазады Ozgeris.info.
Дәулет Бекманов 1983 жылы Өзбекстан Республикасының Достық қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолы:
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да АКТ бөлімінің жетекші маманы
АКТ процестерін талдау және менеджменті тобының бас менеджері
АКТ бөлімшелерінің жұмыс істеу бағдарламасының бас ұйымының АКТ процестерін талдау және менеджменті тобының бас менеджері
IT-консалтинг тобының талдаушысы қызметтерін атқарды (2007-2009)
"Денсаулық сақтау инвестициялық жобаларын басқару орталығы" ЖШС-нің жетекші маманы болды (2009-2011)
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның бас талдаушысы, ҚР МСИ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының бастығы қызметтерін атқарды (2011-2012)
ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің электрондық қызметтерді бақылау басқармасының бастығы және басшысы болды (2012-2013)
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің электрондық қызметтерді және ХҚКО-ларды дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды (2014)
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық қызметтерді бақылау басқармасының басшысы болды (2014-2016)
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары және ақпараттандыру департаментінің директоры қызметтерін атқарды (2016-2017)
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды (2017-2020)
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметін атқарды (2020-2023)
"Қазпошта" АҚ-ның мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі басқарушы директоры болды (2023 - 2025)
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады (2025 жылғы шілдеден бастап)
Білімі:
"Мирас" университеті (2004), "Информатика" мамандығы;
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (2010), "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы.