Қоғам

«Өз тілдерің жоқ па?»: Шетелдік орысша сөйлеген қазақ жігітін ұялтты (ВИДЕО)

«Өз тілдерің жоқ па?»:  Шетелдік орысша сөйлеген қазақ жігітін ұялтты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде Сингапурда болған қазақ жігітінің оқиғасы кеңінен талқыланып жатыр деп жазады Оzgeris.info.

 

 Бейнеролик авторының айтуынша, ол шетелде достарымен өзара орыс тілінде сөйлескені үшін жергілікті тұрғынның ескертуіне тап болған.

 

Кадрларда сингапурлық азамат қазақ жастарының бір-бірімен орысша сөйлескеніне таңғалып, «Өз тілдерің жоқ па?» деп сұрақ қойғаны көрінеді. Бұл сөз бейнеролик авторына қатты әсер еткен. Ол осы жағдайдан кейін өзін қатты ыңғайсыз сезінгенін және ұялғанын жасырмайды.

 

«Әр мемлекеттің өз идентификациялық коды оның тілі. Біз қазақ екенімізді алдымен тіліміз арқылы көрсетуіміз керек. Сондықтан қай жерде жүрсек те қазақша сөйлейік», — дейді ол өз үндеуінде.

 

Аталған бейнежазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі автордың ойымен келісіп, ана тілінің маңызын атап өтсе, енді бірі шетелде тіл таңдаудың әркімнің жеке еркі екенін алға тартуда.

 

Барлық жаңалық