Жетісу облысы

Өз қызын қорлаған әкеге қатысты сот шешімі жарияланды

Жетісу облысында 15 жастағы қызға қатысты ауыр қылмыс жасаған 39 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот оған химиялық кастриация жасалады және педагогикалық салада жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салу туралы шешім шығарды деп хабарлайды ozgeris.info сайты politico.kz сайтына сілтемемен.

 

Қылмыс биыл жазда анықталды. Жәбірленушінің анасы қызының шындықты айтқанын естігенде қатты күйзелген. Қыз әкесінен бірнеше жыл бойы зорлап келгені туралы жеткізді. Сотта оның әкесінің әрекеттері толық дәлелденді.

 

Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов үкімді былай түсіндірді:

 

«Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сонымен қатар химиялық кастрация үкім етілсін. Ер адам орта білімді, жұмыссыз, төрт баланың әкесі. Оған педагогикалық салада жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынды».

Барлық жаңалық