Шоу-бизнес

«Өз қалтамнан ай сайын 50 мың тг төлеймін»: Тұрсынғали Алагөзов тағы да көпшілікті таңғалдырды

«Өз қалтамнан ай сайын 50 мың тг төлеймін»: Тұрсынғали Алагөзов тағы да көпшілікті таңғалдырды

«GALANZ Bottlers» компаниясының Жаңа жылға арналған корпоративтік кешінде компания басшысы Тұрсынғали Алагөзов 2025 жылдың қорытындысын шығарып, ұжымға ерекше жаңалығын жариялады деп жазады Оzgeris.info. Ол компания қызметкерлерінің ата-аналарына ай сайынғы қаржылай қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

 

Корпоративтік кеш барысында зал толы әріптестердің ыстық ықыласына бөленген кәсіпкер 65 жастан асқан әрбір қызметкердің ата-анасына компания атынан ай сайын 50 мың теңге көлемінде «пенсия» төленетінін айтты. Бұл төлем ата-аналардың өмір бойғы еңбегі мен тәрбиесінің белгісі ретінде қарастырылмақ.

 

Тұрсынғали Алагөзов өз сөзінде ата-ананың қоғамдағы және жеке тұлға қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.

 

«Маған осындай адал, жауапкершілігі жоғары маман сыйлаған әрбір ата-ана құрметке лайық. Сондықтан жастары 65-тен асқан әрқайсыңның ата-анаңа өз атымнан ай сайын 50 мың теңге пенсия төлеймін», – деді ол.

Барлық жаңалық