Шоу-бизнес

"Өз адамын енді тапты": Дариға Бадықова Олжас Абаймен бірге шетелде демалып жүр (ВИДЕО)

"Өз адамын енді тапты": Дариға Бадықова Олжас Абаймен бірге шетелде демалып жүр (ВИДЕО)

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай шетелде бірге демалып жүр, деп хабарлайды  ozgeris.info.

Өнер иелері теңіз жағасындағы, бірге катермен жүзіп жүрген стористерімен бөлісіп, көпшіліктің назарын аударды.

Демалыс кезінде Бадықова «Сен керексің» атты жаңа әнін таныстырып, оның мағынасы туралы әсерлі жазба жариялады.

Қос жұптың бірге екеніне көпшілік еш күмән келтірмеді. 

"Расында күйеуінің көзіне шөп салып кеткені ме", "Дариға өз адамын енді тапты бақытты болсын", "Олжас бауырым жастауын алмадың ба", "Екеуі күшті жұп негізі", "Ақшаң болса түріңе түсіністікпен қарайды деген рас екенғой", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, актриса бұған дейін күйеуімен ажырасқанын мәлімдеген.

Барлық жаңалық