Шоу-бизнес

«Өткен күндер көз алдымда»: Асанәлі Әшімовтің қызының жазбасы желіні жылатты

«Өткен күндер көз алдымда»: Асанәлі Әшімовтің қызының жазбасы желіні жылатты

КСРО Халық әртісі, қазақ киносы мен театрының абызы Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әкесіне қатысты әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

 

Оның айтуынша, ол әкесінен қалған естеліктерді парақтап, архивте сақталған көне газеттерді қайта қарап шыққан. Сол жылдары жарық көрген «Экспресс К», «Жас Алаш», «Алматы Ақшамы» басылымдарындағы мақалалар жүрегінде сағыныш сезімін оятқанын жазды.

 

«Өткен күндер көз алдыма келді. Әкемнің өмір жолы, оның ізі осы сарғайған парақтарда сақталып қалғандай әсер алдым. Естеліктерді ақтарып отырып, сағынышқа берілдім», – деп жазды Сағина Әшімова.

Барлық жаңалық