Жаңалықтар

"Өте қу екен": Жұмабек Жанықұлдың бірінші әйеліне қатысты айтқаны талқыға түсті (ВИДЕО)

"Өте қу екен": Жұмабек Жанықұлдың бірінші әйеліне қатысты айтқаны талқыға түсті (ВИДЕО)

Кәсіпкер Жұмабек Жанықұл 4vlastinfo-ға берген сұхбатында бұрынғы әйеліне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бизнесмен журналист сауалына төмендегідей жауап берді. 

"Бұл - менің жеке өмірім. Ол кісінің де жеке өмірі. Оған қатысты мен жауап бердім. Ол кісі енді сотқа шағымданыпты, ол да өзінің құқығы. Барлығымыздың құқығымыз бар. Сот қандай шешім шығарса, соған қарай әрекет жасаймыз. Әлеуметтік желіге шығуға не итермелегенін білмедім. Өзінің тапқан шешімі, ойы шығар. Негізі менің ол кісіге ешқандай, ашу-ызам жоқ. Оны құрметтеймін, ол менің балаларымның анасы. Балаларыммен де арамыз жақсы, ешқандай мәселе жоқ. Бәрі жақсы болады", деді Жұмабек Жанықұл. 

Желі қолданушылары түрлі пікірін ортаға салды. 

"Өте қу екен", "Динара үйретіп қойған ғой", "Өте дұрыс жауап берді", "Барлығы дұрыс болса, желіге шықпайтын еді", "Әйелін құрметтесе тастамайды ғой, тек қалай сөйлеу керектігін үйрететін адам бар", деп жазды пікір білдірушілер. 

Барлық жаңалық