Жаңалықтар
"Отбасы банк" зейнетақы төлемдері бар депозиттерге қатысты мәлімдеме жасады
19.07.2024
390
"Отбасы Банкінің" салымшыларына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) біржолғы зейнетақы төлемдері (ЭЗТ) арқылы депозиттерді аударуға рұқсат берілді. Осылайша 240 мыңға жуық салымшыа алты жыл бойы депозитте қаржысын сақтайды және жинақтай алады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұрын қалай болды?
Егер Отбасы банк салымшысы өз депозитін БЗТ толықтырса, онда 3 жылдың ішінде салымын міндетті түрде пайдалануы тиіс еді. Яғни, аталмыш жинақ шотты несиеге айналдыру қажет болатын. Егер банк клиенті белгіленген мерзім аралығында заем алмаса, онда оның БЗТ барлығы БЖЗҚ-ға қайтарылатын.
Сонымен қатар, банк салымшысы аталмыш депозитті жақындарына табыстауды көздесе, салымдағы БЗТ зейнетақы қорына қайтарылатын.
Егер пайдаланылмаған БЗТ 3 жыл ішінде БЖЗҚ-ға қайта аударылса, қазақстандықтар қандай зардап шегер еді?
- Зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткіліктілік шегі жыл сайын артып келеді. Сондықтан үш жыл өткеннен кейін БЖЗҚ-на қайтқан зейнетақы жинақтарын қазақстандықтар толық көлемде қайтадан пайдалана алмас еді деген тәуекел болды.
- Отбасы банкіндегі барлық депозиттерге, оның ішінде БЗТ бар депозиттерге жыл сайын 20% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы есептеледі (200 АЕК-тен аспайтын бір жылдағы жинақ сомасына). Заң бойынша, егер үш жыл ішінде депозиттен ақша алынып тасталса және ол жабылса, онда мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылады. Сондықтан салымшыларда мемлекеттік сыйлықақыны жоғалту тәуекелі болды.
- Аталған себептерді қоса алғанда азаматтар өздерінің тұрғын үй мәселесін 3 жыл ішінде, оның ішінде БЗТ пайдалана отырып шеше алмас еді. Шынында да, статистикаға сәйкес, депозитте қажетті бастапқы жарнаны жинақтау және төмен мөлшерлемемен заем алу үшін банк клиенттеріне орта есеппен алты жыл қажет.
Өзгерістер қабылданбаса, Отбасы банкіндегі депозиттерде БЗТ пайдалану мерзімі қашан аяқталар еді?
Отбасы банкіндегі депозиттерде БЗТ сақтау және жинақтау мерзімі жинақ шотына қаражат түскен күннен бастап есептеледі.
Алғаш рет 2021 жылдың 16 желтоқсанында қазақстандықтарда Отбасы банкіндегі депозиттерді зейнетақы жинақтарының артық мөлшерімен толықтыру мүмкіндігі пайда болды. 2024 жылдың 17 желтоқсанында, яки 3 жылдан кейін, олардың дені зейнетақы қорына қайтарылатын еді.
Енді бұл азаматтар алаңдамай, қосымша үш жыл бойы қаражат жинауды жалғастыра алады.
Отбасы банкіндегі депозиттерге аударылған БЗТ пайдалану ережелерінде тағы қандай өзгерістер болды?
БЗТ бар депозиттерді ерлі-зайыптыларға және (немесе) олардың жақын туыстарына беруге рұқсат етіледі. Бұған дейін бұл мүмкіндікке тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерімен тыйым салынған болатын.
Жақын туыстарына: ата-аналар, балалар, асырап алушылар және асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілер, атасы, әжесі, немерелері (ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне сәйкес) жатады.
Бұл ретте депозитті табыстауға бір рет қана рұқсат етіледі. Мысалы, күйеуі БЗТ бар депозитін әйеліне аударды делік, өз кезегінде бұл әйел дәл осы депозитті өз қызына аудара алмайды.
Азаматтарға тұрғын үй мәселесін шешуде қолдау көрсету үшін Отбасы банк тиісті ұсыныстарды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жолдады. Бұл ведомство тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану Ережелеріне өзгерістер енгізді. Түзетулер жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Бүгінгі таңда БЗТ көмегімен Отбасы банкіндегі депозитті толықтыру мақсаты – тұрғын үйді тікелей сатып алу (317 970 өтінім өңделді) және Отбасы банкіндегі кредиттер бойынша берешекті өтеу (194 258 өтінім өңделді) мақсаттарымен қатар азаматтар арасында өте жиі қолданылады. Жалпы 240 мыңнан астам қазақстандық үй немесе пәтер сатып алу үшін өздерінің БЗТ Отбасы банкіндегі депозиттерге аудару туралы шешім қабылдаған.
-
Алматының шырқын бұзған жасөспірімдер Астанада жүр. Желіде даулы ақпарат тарады13:12, 07 маусым 2026
-
Қаратерек ауылындағы қауіп: Өзен жағалауы опырылып, үйлерге жақындап келеді12:07, 07 маусым 2026
-
-
-
Бурабай жолындағы қауіпті сапар: видео түсірмек болған қыздар мен жүргізуші жазаланды09:05, 07 маусым 2026
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
-
-
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
-
-
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
Бурабай жолындағы қауіпті сапар: видео түсірмек болған қыздар мен жүргізуші жазаланды09:05, 07 маусым 2026
-
-
-
Қаратерек ауылындағы қауіп: Өзен жағалауы опырылып, үйлерге жақындап келеді12:07, 07 маусым 2026
-
Алматының шырқын бұзған жасөспірімдер Астанада жүр. Желіде даулы ақпарат тарады13:12, 07 маусым 2026
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
-
"Бұрынғы әйелі ме": Жұмабек Жанықұлдың отбасымен түскен суреті тарады (ФОТО)15:41, 01 маусым 2026
-
-
-
"Алланың лағнеті болсын!": Қазақстандық әжей "Кешью" тобын қарғады (ВИДЕО)12:40, 03 маусым 2026
-
"Айгүлдің өзін итерем..н депті": Заңгер танымал кәсіпкердің сұмдығын жария етті15:03, 02 маусым 2026
-
-
"Очко жинамай-ақ қойшы": Ләйлә Сұлтанқызы Мөлдірді қорғаймын деп сынға қалды10:54, 02 маусым 2026
-
Интим видеосы тараған Хан тамада темір торға түсті17:39, 02 маусым 2026
-
-
-
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
-
"Жеңгеміз сұлу екен": Нұрлан имам өзінің отбасын көрсетті (ФОТО)11:26, 14 мамыр 2026
-
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
"Омырауынан сүйемін": Тоқтар Серіковтің сұхбатта айтқаны жұртты шошытты (ВИДЕО)09:51, 15 мамыр 2026
-