Жаңалықтар

Өскеменде велосипед теуіп келе жатқан 6 жасөспірімді көлік қақты

Өскеменде велосипед теуіп келе жатқан 6 жасөспірімді көлік қақты

Өскемен қаласында велосипед теуіп келе жатқан бір топ жасөспірімді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаладағы Ертіс көпірінде болған. 

- Toyota Avensis маркалы автокөліктің жүргізушісі жолақты ауыстырғанда маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей бір топ велосипедшіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған 6 адам зардап шекті, - делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер ауруханаға жеткізілген. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 

 

Барлық жаңалық