Шығыс Қазақстан облысы

Өскеменде алкоголь мен есірткі қолданған прокурор жол апатына түсті

Өскеменде алкоголь мен есірткі қолданған прокурор жол апатына түсті

Өскемен қаласында прокурор Вилори Пан Борисович есірткі мен алкогольдік мас күйде көлік жүргізіп, жол апатына түскеннен кейін үлкен дауға қалды, деп хабарлайды ozgeris.info «Ақ жайық»-қа сілтеме жасап.

 


Әлеуметтік желілерде тараған деректерге сүйенсек, 26 қыркүйектен 27 қыркүйекке қараған түні прокурор Hyundai Accent маркалы көлікті басқарып келе жатып, Жеңіс даңғылында жарық шам бағанына соғылған.

 

Жол апатынан кейін ол көлігін тастап, аулаларға қарай қашпақ болған. Алайда, патрульдік полиция дер кезінде ұстап, медициналық тексеріске жеткізген. Сараптама нәтижесінде оның қанынан алкоголь де, марихуана іздері де анықталған.

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы ақпаратты растады:

 

«Құқық қорғау органының беделін түсіретін әрекет жасағаны үшін Өскемен қалалық прокуратурасының прокуроры Пан В.Б. қызметінен босатылып, «1-сыныпты заңгер» шенінен айырылды», – делінген ресми хабарламада.

 

 

3 қазан күні мамандандырылған әкімшілік сот Панға қатысты үкім шығарды. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Барлық жаңалық