🏛️ Саясат

Орталық Азия президенттері Ыстықкөлдегі әлем чемпионатын бірге ашты

Орталық Азия президенттері Ыстықкөлдегі әлем чемпионатын бірге ашты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне судағы жарыстарға арналған болид таныстырылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан соң Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары бір мезгілде символикалық тетікті басып, су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының «Қырғызстан Республикасы — Ыстықкөл 2026 гран-при» кезеңін ресми түрде ашты.

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
Фото: Ақорда

Жарыстарға БАӘ, Аустралия, Канада және басқа елдердің намысын қорғайтын 8 команда мен 18 спортшы қатысып жатыр.

Орталық Азия елдерінің президенттері UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
Фото: Ақорда

Қырғызстанда алғаш рет өткізіліп жатқан сайыс республика тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық-мәдени іс-шара саналады.

Барлық жаңалық