Қоғам

«Орталық Азия емес, Түркістан»: Түркия оқулықтардағы атауды өзгертуде

«Орталық Азия емес, Түркістан»: Түркия оқулықтардағы атауды өзгертуде

Түркияның білім министрі Юсуф Текин Түркия мектеп оқулықтарында «Орталық Азия» атауын «Түркістан» терминімен алмастыра бастады.

Министр бұл қадамның мақсаты – жас ұрпақтың түркі әлемімен, ортақ тарихпен және бауырлас халықтардың жерімен байланысын терең сезінуіне ықпал ету екенін айтты.

Юсуф Текиннің сөзінше, Түркияда «Орталық Азия» атауы кеңестік кезеңнен қалған ұғым ретінде қабылданады және уақыт өте келе түркі халықтарының бір-бірінен алыстауына әсер еткен.

«Бұл аймақ – біздің бауырлас халықтарымыздың мекені. Сондықтан біз “Орталық Азия” емес, ғылыми әдебиеттерде тарихи атау ретінде қолданылатын “Түркістан” терминін пайдалануды жөн көрдік», – деді ол.

Сондай-ақ, Юсуф Текин Түркияда балалардың ортақ тарих, бауырластық және түркі әлеміне тиесілік сезімімен өсуіне ерекше мән берілетінін атап өтті.

Барлық жаңалық