Қазақстанда «Ordamed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы деректерде көрсетілген деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.
Іздеу карточкасына сәйкес, Ділімбетов Еркін Тұрмұхамбетович бір күннен бері іздеуде. Іздестіру ісі 28 қаңтар күні Астана қаласында тіркелген. Іздеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 26 қаңтарда ҰҚК Қазақстанда медициналық бұйымдарды жалған өндірудің ауқымды схемасы анықталғанын хабарлап, OrdaMed фармацевтикалық компаниясының басшылары ұсталғанын мәлімдеген болатын.