Жаңалықтар

«Ордабасы» футбол клубы Шахмұрат Мүтәліптің қолына өтті

«Ордабасы» футбол клубы Шахмұрат Мүтәліптің қолына өтті

Шымкент әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Құжатқа қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды.

Бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби клубтарды жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Меморандум жеке инвестиция тартуды, клубты нарықтық басқару моделіне көшіруді және заманауи корпоративтік стандарттарды енгізуді көздейді.

Сондай-ақ инфрақұрылымды жаңарту, жаттығу базасын дамыту, басқаруды цифрландыру және клубтың қаржылық тиімділігін арттыру жоспарланған.

Әкімнің айтуынша, бұл шешім Шымкенттің футбол орталығы ретіндегі мәртебесін күшейтіп, клубтың ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Ал инвестор тарап «Ордабасы» клубын ұзақ мерзімді, әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде дамытатынын мәлімдеді.

Барлық жаңалық