Батыс Қазақстан облысы

Оралда тұз тапшылығы: Билік себебін түсіндірді

Оралда тұз тапшылығы: Билік себебін түсіндірді

Батыс Қазақстан облысында дүкен сөрелерінен қарапайым ас тұзы жоғалып, Оралдағы ірі сауда желілерінде оны табу қиынға соғуда деп жазады Оzgeris.info.

 

Жеткізушілердің айтуынша, тапшылық қазан айынан бері қалыптасқан. Ел ішінде жүк тасымалын тек «ҚТЖ» вагондарымен жүргізу талабы енгізілгеннен кейін вагон жетіспей, Ресейдің Соль-Илецк қаласындағы «Руссоль» компаниясы БҚО-ға тұз жөнелтуді тоқтатқан. Облыс тұзының 80 пайызы дәл осы кәсіпорыннан келетін.

 

Әкімдік жағдай бақылауда екенін мәлімдеп, Кызылордадағы екі кәсіпорыннан тұз жеткізуге келісім жасалғанын хабарлады. Қазір 5 вагон (300 тонна) тұз жолда, оның бірі 30 қарашада келеді.

 

Әкімдік «Анвар» және «Алтындар» дүкендерінде тұз бар екенін, «Экстра» санатындағы өнім қоры жеткілікті екенін жеткізді.

Барлық жаңалық