Батыс Қазақстан облысы

Оралда түнде ұрлық жасағандар қолға түсті

Оралда түнде ұрлық жасағандар қолға түсті

Орал қаласында криминалдық полиция бөлімшесі бірнеше мүліктік қылмыстың жолын кесіп, күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tukystan.kz сайтына сілтемемен.Жедел іздестіру барысында қала аумағында орын алған бірқатар ұрлыққа қатысы бар тұлғалар анықталды.

 

Тергеу деректеріне сәйкес, түнгі уақытта екі ер адам бетперде киіп, пластик терезені күшпен ашу арқылы қаладағы кафелердің біріне кіріп, кассадағы 380 мың теңгені жымқырған. Бұған қоса, олардың жеке ұйым кеңсесінен ноутбук, қолма-қол ақша, жанармай талондары және жалпы құны 388 мың теңгені құрайтын электр жабдықтарын ұрлағаны белгілі болды.

 

Полиция қызметкерлері сондай-ақ ломбардқа сатып алушы ретінде кіріп, теледидарды қолды қылған екі азаматты да қолға түсірді. Олардың әрекеттері бейнебақылау камераларына толықтай жазылып қалған.

 

Қазіргі таңда барлық деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Барлық жаңалық