Батыс Қазақстан облысы

Оралда мектеп оқушысын қатарластары ұрып-соғып, видеосын таратқан (ВИДЕО)

Оралда мектеп оқушысын қатарластары ұрып-соғып, видеосын таратқан (ВИДЕО)

Орал қаласындағы №17 мектептің оқушысына қатысты буллинг фактісі қоғамда алаңдаушылық тудырды деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Жасөспірімнің туыстарының айтуынша, оқушыны қатарластары жүйелі түрде мазақтап, соққыға жыққан. Оқиға бірнеше рет қайталанғаны айтылып отыр.Аталған жағдай кезінде зорлық көрсеткендер болған жайтты видеоға түсіріп, кейін оны мектеп ішінде таратқан. Бұл оқиға баланың психологиялық жағдайына кері әсер еткенін туыстары жасырмайды.

 

Жәбірленуші тарап жергілікті полиция органдарынан аталған дерек бойынша тексеру жүргізіп, кінәлілерге заң аясында тиісті шара қолдануды сұрап отыр. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі мен жауапты мекемелердің бұл жағдайға бейжай қарамауы керектігі айтылуда.

 

Барлық жаңалық