Жаңалықтар

Оралда 12 жастағы бала қайғылы жағдайда көз жұмды

Оралда 12 жастағы бала қайғылы жағдайда көз жұмды

Орал қаласында «Телеорталық» маңында қайғылы оқиға тіркелді.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 мамыр күні болды.

— Шаған өзені жағасында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2014 жылғы бала суға құлап, батып кетті. Құтқарушылар жасөспірімнің денесін судан іздеп тауып, алып шықты, — деп хабарлады ведомстводан.

Бұл — өңірдегі осындай бірінші оқиға. Дегенмен облыста шомылу маусымы басталған жоқ.

Департамент деректеріне сәйкес Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы 7 адам су батып, көз жұмса, соның біреуі бала еді.




Барлық жаңалық