Жаңалықтар

Оңтүстікте ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

Оңтүстікте ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

Қазгидромет 11–13 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы мүмкін.

11 тамызда солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы болжанады. Қазақстанның орталығы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасының негізгі фоны батыста және орталықта +27...+39°С, Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде +25...+35°С, шығысы мен оңтүстік-шығысында +30...+42°С, оңтүстігінде +37...+44°С болады.



Барлық жаңалық