Жаңалықтар

"Өнерлі отбасы": Роза Рымбаеваның немересі сахнада әжесіне өлең арнады (ВИДЕО)

"Өнерлі отбасы": Роза Рымбаеваның немересі сахнада әжесіне өлең арнады (ВИДЕО)

Астанада Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның өнердегі елу жылдығына арналған «50 жыл сахнада» атты мерейтойлық шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Айтулы шарада әншіні бүкіл отбасы қолдап, бірге өнер көрсетті.

Тіпті хитмен Әли Оқаповтың ұлы, әншінің немересі Зейін де сахнаға шығып, көпшілікке өлең оқып берді.

Өнерпаздар әулетінің кенжесі өз өнерінен кейін көрерменге иіліп тағзым етіп, зал толы халықтың ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.

"Тіл-көзден аман бол, балапан", "Тәп-тәтті тіліңнен", "Әжесінің жолын берсін", "Өркені өссін", "Әжесінің балдайы", "Тектілік", "Әжесінің көз қуанышы", - деп жазды оқырмандар. 

Барлық жаңалық