Шоу-бизнес

«Оңай емес, бар жігерімді жинадым»: Мөлдір Әуелбекова ұзақ үзілістен кейін үн қатты

«Оңай емес, бар жігерімді жинадым»: Мөлдір Әуелбекова ұзақ үзілістен кейін үн қатты

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұзақ үзілістен кейін шығармашылығын қолға алғанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды. 

"Ұзақ үзіліс болды… Карантин және декрет.
Биыл күш жігерімді жинап шығармашылығыма толық кірістім. Оңай емес, әрине… Көрерменнің талғамы өзге, биік… Сол себепті жылдың басынан қадамымды мерейтойлық гастрольмен бастадым. Мақсатым: жеке ән кештерімде халықтың батасын алу еді. Алдым. Рақмет! Ризамын! Сағынысып қалғанымыз тағы бар…

Гастрольдік сапарда үлкен қошеметке бөленіп шабытым тасып келдім. Сол деммен өз тыңдарманымды жиі жиі Құдайдың берген талантымен қуантуға тырысып жүрмін. Ал бұйырса, білек сыбана кіріскен шығармашылығымның жаңа дәуірін тамашалай жүріңіздер құрметті тыңдарманым!", деп жазды ол. 

Барлық жаңалық