Абай облысы

Омск–Майқапшағай трассасында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Омск–Майқапшағай трассасында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Абай облысында Омск–Майқапшағай бағытындағы бірнеше жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам мерт болды деп хабарлайды ozgeris.info сайты облыс полиция департаментіне сілтемемен.

 

Полицияның мәліметінше, апаттарға жол ережелерін бұзу себеп болды:

 

-Қарсы жолға шығу және тығыз сызықпен бөлінген жерде бұрылыс жасау.

 

Облыстық полиция департаменті барлық жүргізушілерге жолда абай болуға шақырып, рульде жауапкершілік таныту керегін ескертті:

 

«Үйде сіздерді жақындарыңыз күтетінін ұмытпаңыздар».

 

Айта кетейік, кеше Павлодар–Қызылорда трассасында, Атамекен ауылы маңында жылқымен болған жол-көлік оқиғасында екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды.

Барлық жаңалық