Жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері топтасып зорлық жасағаны үшін сотталды

Олимпиада жүлдегері топтасып зорлық жасағаны үшін сотталды

Токио және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері темірторға тоғытылады. Антонино Пиццолато бес жыл төрт айға бас бостандығынан айырылды. Ол финляндиялық турист қызды топтасып зорлау ісі бойынша айыпты деп танылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Спортшы 2024 жылғы Олимпиадаға қылмыстық іс қозғалған күйде барған. Парижде ол тағы бір қола медаль жеңіп үлгерді. Италиялық спортшының әлемдік додаға қатысуы қоғамда үлкен наразылық тудырды.

Сұмдық қылмыс 2022 жылдың шілдесінде Сицилия аралында болған. Жиырма жеті жастағы финляндиялық қыз Трапани қаласында демалып жүрген. Сол жерде ол бір топ италиялық азаматпен танысады. Кешкі отырыстан кейін турист жаңа таныстарымен бір үйде түнеуге қалады.

Шаршаған қыз диванда ұйықтап кетеді. Кейін ер адамдардың зорлық әрекетінен оянған. Қатты қорқып қалған бойжеткен ешқандай қарсылық көрсете алмаған.

Келесі күні жәбірленуші полицияға арыз түсірді. Сот-медициналық сараптама зорлық фактісін толық дәлелдеп шықты. Куәгерлердің жауаптары да Олимпиада жүлдегері мен оның сыбайластарының кінәсін нақты растады.

Барлық жаңалық