Белгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Бағланованың келіні журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында анасының өмірінің соңғы сәттері туралы тебіреніспен айтып берді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Оның сөзінше, әнші өзінің өлетінін 1 жыл бұрын білген.
«Үлкен адамдар сезеді деп айтады ғой. Маған кетерден бір жыл бұрын: "20 метр ақ мата алып қойшы" деді. Шымылдығына дейін, жуындыратын заттарына дейін дайындатты. Тасқа не жазылатынын да айтып кетті. Анамның азан шақырып қойған аты – Үрбибі. "Үрбибі-Роза Бағланова" деп жаздырасың деді. Дәл сол айтқанын жасадық», – деп еске алды әншінің қызы.