YouTube желісінде танымал «Замандас» подкастының жаңа шығарылымы жарық көрді. Бұл жолғы эпизодтың қонағы рэпер әрі әнші Азамат Зенкаев (A.Z.) болды деп хабарлайды Оzgeris.info.
Подкаст барысында Азамат өнер жолындағы үзіліс, жеке шешімдері және сахнаға деген сағынышы туралы ашық пікір білдірді. Оның айтуынша, «91» шығармашылық бірлестігінен кетуіне байланысты аздап өкініш бар.
«91-ден кеткенім үшін кішкене өкінемін. Ол кезде мінезімнің қырсықтығы ұстап кеткен. Мұны өзім де мойындаймын, мінезім ауырлау болды», — деді ол.
Рэпер сондай-ақ сахнаны сағынатынын жасырмай, қазіргі таңда өнерге біртіндеп қайта оралуға ниетті екенін айтты.
«Сахнаны сағынамын. Қазір де шығып жүрмін, бірақ аз. Солай кішкентай-кішкентай қадамдармен қайта ораламын деген үміттемін», — деп бөлісті Азамат.